Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та "хитке" айналды

16 Ақпан 2025, 21:29
5732
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та "хитке" айналды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының екі жекпе-жегі АҚШ-тың ESPN телеарнасында нағыз хитке айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл кездесулерді жалпы саны 1,3 миллионнан астам көрермен тамашалаған.

Brunch Boxing аналитикалық порталының мәліметінше, Әлімханұлының Стивен Батлермен жекпе-жегі ESPN телеарнасындағы ең танымал төрт кездесудің қатарына еніп, 714 мың көрілім жинаған. Ал Винченцо Гуальтьеримен өткен айқасын 600 мыңнан астам жанкүйер тамашалап, ол сегізінші орынға тұрақтады.

Дереккөзге сүйенсек, ESPN телеарнасында ең көп қаралым жинаған жекпе-жек – америкалық ауыр салмақ өкілі Джаред Андерсонның Чарльз Мартинмен кездесуі (809 мың көрермен). Екінші орында Шакур Стивенсон мен жапондық Суичиро Йошино арасындағы айқас (804 мың көрілім), ал үшінші орын Джош Тейлор мен Теофимо Лопес арасындағы жекпе-жекке бұйырды (781 мың көрілім).

Өзгелердің жаңалығы