Boxingscene.com сайтының журналисі әлемнің үздік боксшыларын атады . Олардың арасында қазақстандық бір боксшы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Boxingscene.com сайтының журналисі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жасады. Аталған тізімге орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да енді. Ол 20-орынға тұрақтады.
Эдвардстың P4P-рейтингінің көшін америкалық Терренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұр. Ал үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) мен Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) енді.
Ал бүгінгі таңда кәсіпқой бокстың басты жұлдызы саналатын мексикалық Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 KO) бұл тізімде тек сегізінші орынға жайғасты.