Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы иттерге қатысты қолданыстағы тәсілді түбегейлі өзгерту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң жобасындағы ең маңызды түзетулердің бірі - бұралқы иттерді қайтадан ортаға жіберу тәжірибесінен бас тартып, қайтарымсыз аулау моделіне көшу.
Бұл – қағидатты мәселе, – деді депутат.
Жаңбыршин қазіргі таңда мемлекет бұл бағытта тиімсіз әрі қисынсыз схема бойынша жұмыс істеп отырғанын атап өтті.
Оның сөзінше, қолданыстағы жүйе келесідей:
•иттер ауланады;
•стерилизациядан өткізіледі;
•вакцинацияланады;
•кейін қайтадан сол тұрғындар шағымданып отырған ортаға жіберіледі.
Депутат мұндай тәсілдің қоғам қауіпсіздігіне кері әсер ететінін айтты.
Яғни мемлекет өз қолымен ықтимал қауіпті қайтадан қоғамның ортасына қайтарып отыр. Қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан бұл тәсіл сын көтермейді, – деді ол.
Сондықтан, оның пікірінше, неғұрлым шынайы әрі жауапты модельге көшу қажет.