Жаңбыр, үсік: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 Қазан 2024, 07:11
754
Бөлісу:
Жаңбыр, үсік: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер 21 қазанда болатын еліміздің аумағындағы қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, шығыста, орталықта жел күшеюі күтіледі - делінген хабарламада.

Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.

Өзгелердің жаңалығы