Бүгін, 8 сәуірде Қазақстанның 16 өңірі мен үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, елдің көп бөлігінде тұман, найзағай, дауыл мен өрт қаупі сақталуда. Жел кей өңірлерде 15-28 м/с дейін күшейеді, әсіресе таулы және оңтүстік аудандарда.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман күтіледі; Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысы: Таулы аудандарда найзағай, батыс жел 15-20 м/с; өрт қаупі жоғары. Қонаев қаласы мен Іле Алатауының таулы аймақтарында найзағай сақталады.
Түркістан облысы: Таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады; жел 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан: Түнде жаңбыр, қар, тұман; жел 15-20 м/с.
Жамбыл облысы: Таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл; жел 15-28 м/с; өрт қаупі жоғары.
Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Абай облыстары: Тұман, жаңбыр, найзағай, дауыл; жел 15-20 м/с; кей өңірлерде өрт қаупі сақталады.
Алматы және Шымкент қалалары: Өрт қаупі жоғары, найзағай, дауыл ықтималдығы бар.
Астана: Жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады; жел 15 м/с.
Жезқазған, Семей, Орал қалалары: Түнде және таңертең тұман, кейде найзағай күтіледі.