Жаңбыр, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

15 Қазан 2024, 23:15
433
Бөлісу:
Жаңбыр, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com

16 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында туман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың тау етегіндегі, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматыда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы