"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 26 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым аумағынан атмосфера фронтальды бөлімдердің өтуінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын (көбіне жаңбыр түрінде) күтіледі, батысымызда жаңбыр қатты болады деп күтіледі.
Ал республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Елімізде тұман және желдің 15-25 м/с дейін күшеюі күтіледі. Оңтүстікте – дауылды жел, найзағай, солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады.