Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңбыр, бұршақ, аяз: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

1 Мамыр 2025, 07:48
1636
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Тек елдің солтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Кейбір аймақтарда аяз байқалады. останай, Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарының жекелеген бөліктерінде ауа температурасы -1…-4°С дейін төмендеуі мүмкін. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1°С аяз күтіледі.

Сонымен қатар бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Олар: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының кей аудандары.

Өзгелердің жаңалығы