Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогін жеңіп алды

Фристайл-акробатикадан Финляндияның Рука қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 10 Желтоқсан 2023 2023, 17:49
10 Желтоқсан 2023 2023, 17:49
1016
Фото: olympic.kz

Фристайл-акробатикадан Финляндияның Рука қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жанбота 83,47 ұпай еншілеп, алтын жүлдегер атанды.

Күмісті канадалық Александра Монтмини, қоланы америкалық Амелиа Глоговски еншілеген. 

Жарыста бақ сынаған Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орын иеленді. 

Айта кетелік, бұған дейін Жанбота Еуропа кубогінде күміс медаль иеленген болатын. 

Наверх