Жаңатастағы өрт салдарынан балаларынан айырылған отбасыға пәтер берілді

22 Ақпан 2021, 19:01
2577
Бөлісу:
Жаңатастағы өрт салдарынан балаларынан айырылған отбасыға пәтер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған.

Мәселен жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды.

Сондай-ақ балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді. Ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

Еске салсақ, 19 ақпанда Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шығып, бір үйдің бес бірдей бүлдіршіні қаза тапты

Бұдан бөлек балалардың ата-аналары қандай қызметпен айналысқаны белгілі болды.

Бұл қайғылы оқиға барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. 

Өзгелердің жаңалығы