Жаңатаста қайтыс болған балалардың туысы қазақстандықтардан отбасын тыныш қалдыруды сұрайды

22 Ақпан 2021, 23:16
1629
Бөлісу:
Жаңатаста қайтыс болған балалардың туысы қазақстандықтардан отбасын тыныш қалдыруды сұрайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңатаста қаза тапқан балалардың туыстары қазақстандықтардан отбасыларын тыныш қалдыруды және жалған ақпарат таратпауды сұрайды. Мұндай үндеуді марқұм балалардың атасының туған ағасы Сейтмұхаммед Әбдімәліков жасады.

Кейбіреулер пәтерде жылу болмаған, пәтерде пеш қосып, жылытқыштар қолданылған деп айтуда. Мұның барлығы жалған! Мұндай ештеңе болған жоқ және олай болуы мүмкін емес. Келін үйде балаларымен бірге отырған. Ол дүкенге шыққан кезде, балалар сіріңкемен ойнаған. Ойыншықтар болған бөлмеде. Бұл трагедия бүкіл халыққа оңай тиген жоқ. Біздің қайғымызды бөліскендердің барлығына ризамыз, – деді Сейтмұхаммед Әбдімәліков.
Ол отандастарынан қайғылы оқиғаны түрліше жорып, жалған мәліметтерді таратпауды, біреудің қайғысы арқылы танымал болуға тырыспауды өтінді.
Мен барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерде болған оқиғаны түрліше өрбітіп жазып жатқандардан сұранамын: өтінеміз, тоқтатыңыздар! Бізге қазір оңай емес! Ондай жазбаларды оқу біздің жанымызға батуда. Қазір барлық арандатушы әңгімелерге жол бермеу керекпіз. Талқылауды осымен тоқтатайық. Біз ешкімді кінәламаймыз. Алла барлығын реттеуші. Жас отбасы әлі де ата-ана атанады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Сейтмұхаммед Әбдімәліков.
Оның айтуынша, отбасы қаржылық жағынан мұқтаж емес және артық материалдық қолдауды қажет етпейді.
Бізге қаржылай көмек қажет емес, інім екеуміз кәсіпкерлікпен айналысамыз. Аллаға шүкір, бізде бәрі жетеді. Пәтер берілді. Билікке, бейжай қарамай, қолдау білдірген баршаңызға рахмет, - деп қосып өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы