Жанармай тағы қымбаттай ма?

Энергетика министрлігі автожанармай құю стансалары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті баға белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 Наурыз 2023 2023, 14:04
АВТОР
 twitter.com 26 Наурыз 2023 2023, 14:04
26 Наурыз 2023 2023, 14:04
1101
Фото: twitter.com

Энергетика министрлігі автожанармай құю стансалары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті баға белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Құжат жобасына сәйкес, автожанармай құю стансалары  үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағалар былай белгіленген:

1) Аи маркалы бензин-80 – тоннасына 93 161 теңге;

2) Аи-92 және Аи маркалы бензин-93 – тоннасына 193 649 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

Қоғамдық талқылау 30 наурызға дейін жалғасады.

Наверх