Жаңақорған ауданы: өркендеу мен өрлеу жолында

28 Сәуір 2023, 14:10
1435
Бөлісу:
Жаңақорған ауданы: өркендеу мен өрлеу жолында
Фото: Кейіпкердің мұрағатынан

Жаңақорған ауданы 2022 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму жолында тұрақты жүйе қалыптастырып, сан салаға серпін ала келді, деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге басымдық беріліп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда, газ, ауыз су, жол және жарық жүйесін жаңғыртуда іргелі істермен көрінді. Жаңақорған кентінің келісті келбеті мен ауылдардың ажарлана түсуі көңіл қуантады. Биыл да атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеумбетовпен сұхбат барысында толығырақ әрі тереңірек зерделеп, нақты цифрларға көз жеткіздік.

– Жаңақорған – бірқатар сала бойынша Сыр өңіріндегі көші ілгері ауданның бірі. Ауылшаруашылығы, өндіріс пен өнеркәсіп, инвестиция көлемі бойынша озық. Осы салаларды тарқатып өтсеңіз?

– Облыс өнеркәсібінің 12,2 процентін, инвестицияның 13 процентін, құрылыс жұмыстарының 8 процентін құрады. Ауылшаруашылығы саласы да жақсы дамып келеді. Облыстағы барлық мал басының 26 проценті біздің ауданда. Оның ішінде қойдың үлесі 44 процентке жетті. Нақтылап өтетін болсам, өнеркәсіп өнімінің көлемі 123,5 миллиард теңге болса, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі де 86,1 миллиард теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 100 пайыздан асып жығылады. Сол секілді негізгі капиталға салынған инвестиция 53,2 миллиард теңге болды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 154,9 процентке жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 10 миллиард теңге болып, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,2 процентті көрсетті. Былтыр ауыл шаруашылығыныңжалпы өнімі 28,9 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7 процентті құрады.

Айта кететіні, 2023 жылдың 1-қаңтарына аудан бюджетінің жалпы кірістері 100,5 процентке орындалып, 126,7 миллиан теңге артық түсім түсті. Аудан бюджетінің өз кірістері 103,9 процентке орындалып, салықтық түсімдерден 102,2 миллион теңге, салыққа жатпайтын түсімдер 4,0 млн теңге,капиталды сатудан түсетін түсімдерден 20,4 миллион теңге артық орындалды. Жыл ішінде қосымша кіріс көздерін іздестіру нәтижесінде өз кірістерімізді 380 миллион теңгеге немесе 14,3 процентке ұлғайттық.

– Ауданның негізгі каптиалы ауылшаруашылығы саласы екені анық. Бұл салаға Президент баса мән беріп, ауылдарды дамытудың тың бастамаларын қолға алды. Біздегі мал мен егін шаруасында қандай тындырымды тірліктер бар?

– Мал шаруашылығы жөнінен аудан 2023 жылдың 1 қаңтарына 68 230 бас мүйізді ірі қара, 254 614 бас қой, 10591 ешкі, 24 607 бас жылқы мен 1870 бас түйе және 21 878 бас құсты құрады. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі 2023 жылдың 1 қаңтарында ет 83342 тонна, сүт 14254,1 тонна және жұмыртқа 2124 мың данаға жетті.Ауданда бүгінде асыл тұқымды малдың үлес салмағы мүйізді ірі қараның 7,1 процентін, қойдың 41 процентін, жылқының 9,1 процентін құрайды.

Былтыр егіс көлемі мен өнімі жоғары нәтиже көрсетті. Оның ішінде әртараптандыру бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әр отбасы өзін-өзі картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуіүшін қосымша жер дайындау жөнінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 196 гектар егін егілді. Бұл жоба әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда өз көмегін тигізді. Биылғы жылы да өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Аудандағы бірнеше шаруашылық құрылымдары су үнемдегіш технологияларды қолданып 30 гектардан астам жерге егін екті. Биылғы меже 37 781 гектарға егiс егу болса, тағы да әртараптандыру бағытына басымдық береміз. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен өзін-өзі қамтитын болады.

– Аудандағы тағы бір күрделі мәселе ауыз су болған, оны қалай жүйеге келтіріп жатырсыздар?

– Талап топтық су құбырын кеңейту (5 жаңа ұңғыма бұрғылауға 584,3 миллион теңге) жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаларды сәтті аяқталса аудан халқы 100 пайыз таза ауыз су тұтынатын болады.Қазіргі көрсеткіш 91,4 процент. Тақыркөл бас су алғышынан «Нұра таптық су құбыры» арқылы Жаңақорған кентінің 35 мың халықтың 35 проценті ауыз сумен қамтамасыз етілді. Тәулігіне жаз айларында 6000-7000 текше метр, қалған 7 елді мекенге (Жайылма, Сүттіқұдық, Қожамберді, Төменарық, Сунақата, Еңбек, Екпінді) 600-700 текше метр ауыз су беруде.

Осы аталған елді мекендердің халқын таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында «Тақыркөл» бас су алғышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральды су өткізгішінің екінші желісін салу құрылысына 2022 жылы республикалық бюджеттен 100000 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. 2023 жылы республикалық бюджеттен 632 835 мың теңге бөлініп, құрылыс жалғасып жатыр.

Жалпы «Талап-Сырдария» топтық су құбыры арқылы ауданның 27 елді мекені ауыз сумен қамту қарастырылған. Алайда, Талап бас су кешеніндегі 8 ұңғыма жобаға сәйкес қажетті су көлемін бере алмауда. Яғни, дебиттің жеткіліксіздігінен үздіксіз толыққанды ауыз су жеткізе алмауда. Осыған байланысты Су ресурстары комитетінің тапсырысымен қосымша 5 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарына жоба жасалып, 2023 жылғы республикалық бюджетте 584,3 млн теңге бөлінді. Осы ұңғымалар қазылған соң 27 елді мекендегі 40 мыңнан аса халық тәулікбойы ауыз суды тұтынатын болады. 2021-2022 жылы Сунақата, Еңбек, Екпінді, Төменарық елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстарына 1,1 млрд теңге қаралып, қазір жұмыстар аяқталды. 2023 жылға Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылысына 603863,0 мың теңге, Жайылма ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылыстарын қайта жаңғырту жұмысына 408 893,00 мың теңге, Қожамберді ауылындағы су құбыры желісін салу және су тарату құрылыстарын қайта жаңғырту жұмысына 387 559,00 мың теңге қаржы қаралды.

– Ал, аяқ су мәселесі қалай реттелуде? Ауылдағы ағайынның негізгі тіршілік нәрі егін шаруасы емес пе?

– Бірнеше жылдан бері Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмен болып, күріш егісінің көлемі біршама азайды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша 2013 жылы салынған Сырдария өзеніндегі үрлемелі су тоспасы істен шыққан. Келінтөбе магистарлді каналының бойындағы шаруашылықтарда су тапшылығы пайда болды. Су шаруашылығы мамандарымен, сала басшыларының ұсынысымен Сырдария өзенінің Көктөбе елді мекені тұсынан «Су тоспасын» салу мәселесін көтердік. Облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Жаңақорған ауданы Көктөбе ауылдық огругінің тұсынан Сырдария өзеніне су тоспасын салу бойыншажәне аталған жобаны ҚР-ның Су ресурстарын басқару жүйесіндамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасына және Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына енгізу үшін ұсыныс хат жолданды.

Су тоспасын салудың ұзақ мерзімді жоба екені ескеріліп, 2022 жылы «Қазсушар» кәсіпорны тарапынын каналдың 9,2 шақырымы және Үкімет резервінен бөлінген 175 млн теңгеге 18,9 шақырымы тазаланды. Нәтижесінде, 2022 жылы үрлемелі су тоспасынсыз Келінтөбе каналының бойындағы егістік жерлер сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 2022 жылы облыстық бюджеттің шұғыл шығындарға арналған резервінен 11,9 млнтеңгеге Келінтөбе магистральды каналына ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын жаңадан айналма канал қазуға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға енгізілді. Жоба жүзеге асырылып, Келінтөбе каналына қосымша секундына 14-15 текше метр су беріледі деп күтілуде.

Бұдан бөлек егістікті суаратын каналдардың су өткізу қабілетін арттыру үшін 218,3 миллион теңгенің жұмыстары жүргізілді. Су тапшылығы жағдайында егістікті суармалы аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстықбюджеттен 138,4 миллион теңге бөлініп, 12 дана насос алынды. Тау беткейдегі Қыраш ауылдық округінен елді мекендегі жайылымды суландыру мақсатында 41,6 миллион теңгеге ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілді. Сүттіқұдық ауылдық округінен 800 гектар суармалы жерлерді айналымға қосуға республикалық бюджеттен 329,6 миллион теңге бөлініп, 50 метрлік 11 дана ұңғыма қазу, 8 дана трансформатор орнату, торлы қоршаулар жүргізу, 12 480 метр электр желісін тарту жұмыстары жүргізілді.

– Жаңақорғандағы электр жарығының 70 проценттен астамының тозығы жетіп, ескірген. Бұл да аудан халқы үшін күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

– Дұрыс, сондықтан жарық жүйесін ретке келтіру үшін жұмыстар жасалынып жатыр. 2022 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 898,8 миллион теңге бөлініп, аудан орталығындағы электр желілерін жаңғырту жұмыстары басталды. 2023 жылға осы жұмыстарды жалғастыруға 1,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Жобаның жалпы құны – 3,4 миллиард теңге. Өткен жылы демеушілер тарта отырып, 9 елді мекеннің ( Келінтөбе, Қожакент, М.Нәлібаев, Қыркеңсе, Манап, Құттықожа, Сунақата, Еңбек, Қандөз) электр желісін жаңғыртуға жоба жасап, сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда 8 елді мекеннің электр желісін жаңғырту жобасын бастауға 2023 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 503,3 миллион теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, осы жылдың басынан демеушілер есебінен тағы 10 елді мекеннің (Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық, Бірлік, Қосүйеңкі, Жаңарық, Ақсуат, Өзгент, Түгіскен, Қаратөбе) электр жүйелерін жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттары жасалуда. Осы сауалдың ішінде көше жарықтарын да кірістіре кетейін. Жаңақорған кентіндегі Ә.Бектібаев көшесіне жарық шамдарын орнатуға 60 942,0 мың теңге, Н.Түршекұлы көшесіне жарық шамдарын орнатуға 54 315,0 мың теңге, А.Шонабаев көшесіне жарық шамдарын орнатуға 35 698,2 мың теңге, А.Мұхамеджанұлы көшесіне жарық шамдарын орнатуға 30 839,8 мың теңге бөлінді.

Жаманбай батыр ауылдық округіне Бесарық елді мекенінің кіре берісіндегі Ф.Кузбаев көшесіне, Кеңес елді мекендегі Шермағанбет ата көшелеріне 38 дана жарық орнату жұмыстарына 38 444,0 мың теңге қарастырылды. Қосүйеңкі ауылдық округіАқтөбе бұлақ көшесіне жарықтандыру жұмыстарына 15 919,0 мың теңге, Қандөз ауылдық округіне елді мекенге кіре-беріс көшені жарықтандыру мақсатында 33 дана күн сәулесінен қуат алатын шамдар мен бағаналар орнату жұмыстарына 9252,0 мың теңге, М.Нәлібаев ауылдық округіне елді мекендегі Сырғақ батыр көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 6 824,0 мың теңге қаржы қаралды.

– Автомобиль жолдары мен көпірлерді жөндеу бағытында да былтыр қарқынды жұмыс болды. Осы жөнінде тоқтала кетсеңіз.

Ауданда аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 97,6 пайызға, елді мекендердегі көшелердің қанағаттанарлық деңгейі 49,6 пайызға жеткізілген. Өткен жылы барлық маңыздағы жолдарды жөндеуге 736,6 млн теңге қаралды. Оның ішінде аудандық маңызы бар 4 автомобиль жолы және 17 елді мекеннің 18 көшесі орташа жөндеуден өткізілді. 2023 жылы елді мекендердегі 38 көшені жөндеуге жоғары тұрған бюджеттер есебінен 985,8 млн теңге бөлінді.

Апаттық жағдайдағы Екпінді және Ақжол елді-мекендеріне кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы2 көпірдіреконструкциялауға 92,4 млн теңге бөлінді. Екпінді елді мекеніне баратын көпір толық аяқталып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы облыстық бюджеттен 32,2 млн теңге бөлініп, Ақжол ауылына кіре беріс көпір құрылысы да аяқталады.

– Ауданда соңғы 5 жылда кәсіпкерлік саласында серпін өте көп. Шағын кәсіпкерліктің көкжиегі кең. Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бағытындағы бетбұрыстарды айтсаңыз.

2023 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6605 болып, өткен жылмен салыстырғанда 18,5 процентке артқан. Ондағы белсенді субъектілер саны 6349 бірлік немесе 96,1 процент. Аудан бойынша 2022 жылы барлық қаржы көздерінен 131 жобаға 1 миллиард 578,4 миллион теңге несие алынса, 396,5 миллион теңгенің 361 жобасына мемлекеттік гранттар жеңіп алынды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекеттік гранттар беруге байланысты 360 жоба 395,5 миллион теңгені құрайтын грантты жеңіп алды.

«Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 246,4 миллион теңгені құрайтын 28 жоба несиемен қаржыландырылды. Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы құны 102 миллион теңге болатын 14 жоба несиемен қаржыландырылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 800 миллион теңге болатын 40 жоба несиелермен қаржыландырылды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар беруге байланысты құны 1 миллион теңгені құрайтын 1 жоба грантты жеңіп алды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы арқылы құны 123,1 миллион теңге болатын 28 жоба несиемен қаржыландырылды. Қамқоршы несие серіктестігі арқылы 21 жобаға 306,9 миллион теңге несие берілді.

– Жұмыссыздық жүйесін қалай жөнге келтірудесіздер?

– 2022 жылы жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 5961 адам хабарласты. 99,6 проценті немесе 5941 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға алынды. Жалпы тұрақты жұмыс орындарына – 2180 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 адам, жастар практикасына – 301 жас, 2021 жылдан 2022 жылға 54 жас жалғастыруда. Қоғамдық жұмыс орындарына – 1326 тұрғын, мемлекеттік грант алған – 360 және “алғашқы жұмыс оырндарына” – 39 жаңақорғандық жіберілді. «Ұрпақтар келісім шартына» - 12 адам; 2021 жылдан 2022 жылға 1 адам жалғастырып, тұрақтанды. «Бастау –бизнес» жобасына оқуға жолданғандар 1588 адам болса, күміс жас жобасына қатысқандар саны 35-ке жетті.

2022 жылы 3118 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 3353 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 107,5 пайызға орындалды.

– Әлеуметтік нысандар, оның ішінде білім беру үұйымдары, мәдениет және спорт құрылысы қаншалықты деңгейде?

– 2023 жылы тағы 3 мектептің (Жаңақорған кентіндегі 600 орындық, Жаңарықта 300 орындық, Байкенжеде 150 орындық) құрылысы басталса, Жаңақорған кенті МАИ бекетіндегі мектеп құрылысы да аяқталатын болады. Осы мектеп құрылыстары аяқталған соң аудандағы проблемалық мәселе толық шешімін табады.Өткен жылдың соңында Жаңақорған кентіндегі 2 мектеп пен Бірлік елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Халықтың рухани азық алуына бар мүмкіндік жасау – міндетіміз. Республикалық, облыстық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Өзгент, Жайылма ауылдарында 150 орындық клуб құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың I-ші жартысында оларды да пайдалануға берілетін болады. Тағы 3 елді мекенде (Екпінді, Кеңес, Көктөбе) клуб салуға жоба жасалды.Спорт саласында аудан спортшылары үздік нәтижелер көрсетуде. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қожамберді ауылында жеке инвестор спорт кешені құрылысын салып бітірсе, Ақжол елді мекенінде ҚР Ұлттық Қорынан берілетін қаражаты есебінен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар 3елді мекенге (Шалқия кенті, Жаманбай батыр және Өзгент ауылдық округтері) спорт кешенін салуға жобалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мемлекет басшысының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты ауданда ауқымды жобалар жүзеге асты. «Азимут-М» ЖШС-і аудан орталығынан жоба құны 790 млн теңгені құрайтын демалыс паркін салды. Паркте, аттракциондар, субұрқақтар, спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдары орналасады.Аудандық бюджет есебінен жаңадан тренажер құрылғылары орнатылған 10 шағын спорт алаңы пайдалануға берілді.

Жаңақорған кентіне «Самара-Шымкент» автомобиль жолынан кіретін арка жаңғыртудан өтсе, Жаңақорған кентіне Сырдария өзені жағынан кіретін жолға жаңадан арка орнатылды. Хорасан ата көшесіндегі аудандық мешіт алдындағы аумақ абаттандырылып, үлкен сағат қойылса, Хорасан ата мен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысына айналма жол салынды. Хорасан ата мен А.Иманов көшелеріндегі шағын аркаларды жаңа орнаменттермен өрнектеп, түрлі-түсті жарық шамдар қойылды.

– Инвестиция тарту арқылы кент келбеті өзгергенін білеміз. Алда қандай жоспар бар?

«Шалқия Цинк» АҚ-ы кен байыту комбинатының құрылысын бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Біріншісі жоба құны 5,2 миллиард теңге болатын жылына 3,5 мың тауық етін өндіретін «Абдулла» шаруа қожалығының құс фабрикасы. Екіншісі жобалық құны 1,5 миллиард теңге болатын «Жан-Арай» серіктестігінің 150 орынға арналған шипажай құрылысы. «Азимут-М» серіктестігінің 160 миллион теңгені құрайтын бетон зауытының құрылысы жұмысын бастады.

– Соңғы сауал болсын, ауылдарға газ тартуды бастап, жақында екі ауылға көгілдір отын келді.

– Бұған дейін аудан орталығы ғана табиғи газғақосылып, тұрғындарға шаққандағы газдандыру үлесі 38,8 процентті құрап келсе, өткен жылы Бірлік, Қыраш елді мекендері газдандырылды. Жаңақорған АГТС-тен бастап жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу» жобасының құны 791,4 миллион теңге болды.

2023 жылы жоғары тұрған бюджеттерден 5 елді мекенді – Төменарық, Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден ауылдарын газдандыруға да 2,9 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Аталған жобалардың жалпы құны – 3,2 миллиард теңге.

Жоғарыда айтылып өткен Төменарық елді мекеніне жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу басталған соң сол аумақта орналасқан тағы 5 елді мекенді газдандыруға аудандық бюджет есебінен жоба-сметалық құжаттарын жасау жоспарлануда. Аталған жобалар іске асқанда 13 елді мекен, 53 мыңдай халық табиғи газдың игілігін көретін болады.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Өзгелердің жаңалығы