Жаңаөзендегі өрт кезінде зардап шеккен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті

25 Наурыз 2025, 17:14
1243
Бөлісу:
Жаңаөзендегі өрт кезінде зардап шеккен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңаөзенде сауда үйіндегі өртті сөндірген құтқарушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Жаңаөзен қаласындағы “Заңғар” сауда орталығында шыққан өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші-құтқарушы, №3-МӨСБ қызметкері зардап шекті, - деп жазды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қызметкер жансақтау бөліміне түскен. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Жақын арада Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілетін болады. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкердің жағдайын бақылауда ұстайды, - дейді департамент.

Айта кетейік, Жаңаөзенде 24 наурызда сағат 23:20-да "Заңғар" сауда орталығының екінші қабатында өрт шықты. Ғимарат әлі пайдалануға берілмеген. Тілсіз жау 300 шаршы метрге жайылған. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шекендер жоқ деп ақпарат берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы