Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңаөзенде жұмыссыздар алаяққа 1 млн теңгеге алданды

17 Қазан 2022, 08:40
1132
Бөлісу:

Алаяқ жұмыссыздарды мұнай компаниясы мен балабақшаға жұмысқа орналастырамын деп алдап соққан. Жаңаөзен тұрғындары уәденің орындалғанын біраз уақыт күтеді. Алданғандарын түсінген соң полицияға арызбен жүгінеді, деп жазады BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық әрекетті жасаған күдікті мұнай саласындағы жұмыс пен балабақшаға жоғары лауазымға орналастыру үшін жалпы сомасы 1 млн 220 мың теңге жымқырғаны белгілі болды.

Қазір күдіктінің жеке басы анықталып, 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс тіркелген. 

Өзгелердің жаңалығы