Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 8 ақпанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды, – делінген хабарламада.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.
Комиссияның негізгі мақсаты-бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге келу.