Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға айыппұл салынды

15 Қазан 2024, 14:41
392
Бөлісу:
Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға айыппұл салынды
Фото: Арман Мухатов - архив

Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға 4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы экология заңнамасының сақталуына талдау жүргізу аясында «SAAT Group» ЖШС-мен мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықтың топыраққа төгілу фактісін анықтады.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған топырақтың эксперименттік сынамаларында мұнай өнімдерінің іздері табылды.

Қала прокуратурасының актісімен аталған мекеме Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 4-бөлігі, 332-бабы 1-бөлігі және 337-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 млн теңгеге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы