Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза тапты

15 Желтоқсан 2022, 14:58
866
Бөлісу:
Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза тапты

Жаңаөзенде келісімшарт бойынша Ұлттық ұланының әскери қызметшісінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ  lada.kz-ке сілтеме жасап.

Келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші өз бөлмесінде асылып қалған. Жігіттің денесін әріптесі тапқан. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Еран Құткожа мәлімдеді.

Қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласындағы Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болған, онда 19 жастағы жігіт өз бөлмесінде белбеуіне ачсылып қалған.

Ұлттық ұлан қатарында қаза тапқан жігіт  2021 жылдан бері қызмет етеді. Ақтөбе облысынан келген. Байланыс бойынша маман-сапер болып қызмет етті. Жігіт үйленбеген. Туыстарына қаза туралы хабарланды. Қазір біз жағдайдың қалай және неден болғанын анықтап жатырмыз, – деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Еран Құткожа.

Өзгелердің жаңалығы