Жаңаөзенде кәсіпорындардың қызметін талдайтын арнайы жұмыс тобы іске кірісті

20 Сәуір 2023, 18:15
805
Бөлісу:
Жаңаөзенде кәсіпорындардың қызметін талдайтын арнайы жұмыс тобы іске кірісті
PHOTO
Фото: автордан

Жаңаөзенде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін талдайтын арнайы жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасановтың айтуынша, жұмыс тобы мұнайлы шаһарда туындап тұрған өзекті мәселелерді анықтап, талдап, оның шешу жолдарын ұсынатын болады. Жұмыс тобы бір ай мерзімге келді. Қазір екі топқа бөлініп, әр мекеме бойынша сауалнама жұмыстарын жүргізбек. Мүдделі тараптармен жүздесіп, мәселені саралайды.

Жаңаөзенде кәсіпорындардың қызметін талдайтын арнайы жұмыс тобы іске кірісті

Бұл жұмыс тобы тек қана ҚМГ мамандарынан құралды. Барлық сервистік компанияның көтеріп отырған мәселесін қараймыз. Жаңаөзеннен барған 10 адам Астанада қалды. Арнайы құрылған жұмыс тобы болды, олар сол деңгейде келісім жүргізуге келіспеді. Сондықтан да барлық мәселені Жаңаөзенде талқылауға осында шақырдық. Ұзақ мерзімді жұмыс орындарына кепілдік береміз, жалақы деңгейін сақтауға, әлеуметтік көмек көрсетуге кепілдік бердік. Олардың басқа да талаптары бар. Біз осында кездесуге дайынбыз,- дейді Дәулетжан Хасанов.

Өзгелердің жаңалығы