Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа инватакси пайдалануға берілді.
Инватакси көлігін қолданысқа беру «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының 91-93 тармақтары бойынша жүзеге асып отыр. Ол 2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес қызмет көрсетеді, – дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендерде 5000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 497-сі инватакси қызметін қажет етеді.
Заманауи, соңғы үлгіде жабдықталған көлік мүгедектердің сұраныстарына орай, қала ішінде және қалааралық бағыттарда тасымалдау қызметтерін атқарады.