Жаңаөзенде 2500-ден астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

25 Ақпан 2022, 19:46
1179
Бөлісу:
Жаңаөзенде 2500-ден астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласының жұмыспен қамтылу мәселесін шешу мақсатында құрылған облыстық комиссия мүшелері шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуетін және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған Маңғыстау облысының кешенді даму жоспарын негізге ала отырып, еңбек нарығын жан-жақты зерделеді. 

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, биыл Жаңаөзен қаласында 2570 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда: 

- 1434 тұрақты жұмыс орындарына;

- 1136 уақытша уақытша жұмыс орындарына.

Атап айтқанда: 

- Қалалық жұмыспен қамту орталығында 5 санат бойынша кезекте тұрған 682 адам мұнай-газ саласына қолданыстағы алгоритмі бойынша жұмысқа қабылданады;

- "Өзенмұнайгаз" АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелерінде құрылған 312 жұмыс орнына халықтық бақылау тобының ұсынымдарына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру көзделеді.

Дамудың Кешенді жоспары шеңберінде қалалық, ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу, Теңге ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Теңге ауылына дейін су құбырын тарту және т.б. көзделетін болады. 155 жұмыссыз азаматқа жалақысы 150 мың теңгеден басталатын жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, "Жұмыс жасаймын" жобасы аясында 400 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бұдан басқа, жеке бастамалар есебінен 390 жұмыс орны құрылады. Бұл бос жұмыс орындарының жалақысы 150 мың теңгеден басталады.

Қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.

 

Өзгелердің жаңалығы