Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңаөзен неге жарықсыз қалды? – Әкімдік түсінік берді

17 Шілде 2025, 08:18
588
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Жаңаөзенде кәсіпкерлер "Шаңырақ" базары мен "Заңғар" сауда орталығындағы электр қуатының өшуіне наразылық білдіріп, жолды жауып тастады. Оқиға орнынан түсірілген видео 16 шілдеде әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Пикетке шыққандар сауда нысандарындағы электр қуатының жүйелі түрде өшуіне байланысты көшеге шығуға мәжбүр болғандарын айтты. Акция "Шаңырақ" базарының маңында болды; Биліктің назарын мәселеге аудару үшін кәсіпкерлер жолдың бір бөлігін жауып тастады.

Жаңаөзен әкімдігі оқиғаға қатысты шұғыл түрде түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, электр қуатын берудің уақытша тоқтатылуы 110/6 кВ "Городская" қосалқы стансасындағы №20 ұяшықты апатты түрде өшіру нәтижесінде орын алған. Бұл "Шаңырақ" ықшамауданы мен Абай көшесіндегі шағын кәсіпорындарға, соның ішінде базар мен сауда орталығына әсер етті.

Оқиғаның себептерін анықтау мақсатында "Өзэнергосервис" мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кабельдік желіге тексеру жүргізіп, қысқа тұйықталуды тіркеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталып, электр қуаты толығымен қалпына келтірілді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Әкімдік өкілдері де оқиға орнында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілгенін атап өтті. Қаладағы жағдай тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы