Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында көлік апатынан 10 адам қаза тапты

17 Маусым 2023, 20:43
7313
Бөлісу:
Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында көлік апатынан 10 адам қаза тапты

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты. Оның бесеуі кәмелетке толмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚазАқпараттың мәліметінше, оқиға 16 маусым күні сағат 21:30 шамасында болған.

Осы оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы өңір тұрғындарына үндеу жасады.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескерткім келеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Кешегі қорқынышты апатты талдай отырып, «Toyota» көлігінің ішінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Егер ережелер сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сыяды. Ал, апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Осы жол-көлік оқиғасындағы екінші көлік – «Duster» автокөлігінің жүргізушісі бір ай бұрын қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескерту алып, айыппұл салынған. Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтауды және өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын! - деп үндеу жасады аймақ тұрғындары мен қонақтарына полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.

Өзгелердің жаңалығы