Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловтың әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Судья блогер Ерболат Жанабыловтың әйелі Эльмира Төлегенова қатысты істі қайта тергеу үшін Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жолдау туралы шешім шығарды. Яғни блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс тоқтатылды.
Сот олардың әрекеттерінде заңсыз кәсіпкерлікке тән белгілер бар деп танып, материалдарды Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.
Соттың мәліметінше, Төлегенова мен Жанабылов онлайн-курстарды сату шартында ақшалай сыйлықтар мен автокөліктер ұтысын ұйымдастырған. Бұл әрекеттер заңнамаға сәйкес “лотерея қызметін заңсыз жүргізу” ретінде бағаланып, әкімшілік емес, қылмыстық сипатқа ие болуы мүмкін. Енді істі құқық қорғау органдары қылмыстық-процессуалдық тәртіпте қарайды.
Бұған дейін Эльмира Төлегенова сотта өз құқығының бұзылғанын мәлімдеді.