Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жанабыловтардың автокөлік ұтысына қатысты іс сотта қаралады – министр

Әсел ӘБІЛБЕК
2 Қыркүйек 2025, 13:05
863
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов блогер Жанабыловтардың конкурсына байланысты туындаған дауға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін блогерлер 11 автокөліктің ұтыс ретінде ойнатылатынын жариялаған еді. Бұл ұтысқа қатысты қоғамда түрлі пікір пайда болды. Азаматтардың бірі акцияның заңдылығына күмән келтіріп, құзырлы органдарға ресми түрде арыз түсірген.

Бүгінгі таңда тексеріс жүріп жатыр, іс сотқа берілді. Бұл мәселе сотта шешіледі, – деді Мырзабосынов.

Басқа блогерлерге қатысты да тексерулер жүргізілуде. Алайда министр нақты есімдерді атаған жоқ.

Бұған дейін министрлік Қазақстан Республикасының "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заңының 5-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, ресми оператор немесе лотерея агенті болып табылмайтын тұлғаларға лотерея өткізуге және лотерея билеттерін таратуға тыйым салынатынын еске салған.

Еске салсақ, ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты түсініктеме берді.

Өзгелердің жаңалығы