Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жанабыловтардың адковаты істің қылмыстық өндіріске жіберілуіне қатысты пікір білдірді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
15 Қыркүйек 2025, 18:08
670
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Адвокат Олег Черновтың айтуынша, сот ісі әкімшілік деңгейде тоқтатылып, материалдар Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданған. Ол бұл жағдайда тараптардың апелляцияға беру құқығы сақталатынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай істерде қылмыстық жауапкершілік те қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік қызмет. Оның бірінші бөлігі бойынша жаза екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе ірі көлемде айыппұлды көздейді, – деді Чернов.

Адвокаттың айтуынша, сот шешімдеріне қарамастан, компания өз клиенттері алдындағы міндеттемелерін орындауға мүдделі болып қала береді.

Курстар әлі де жалғасып жатыр, тіпті автокөлік ұтыстарын да өткізуді жоспарлауы мүмкін. Себебі бұл – олардың алдындағы уәдесі. Дегенмен, егер прокуратура немесе комитет азаматтардың шын мәнінде ұтыс иегері болғанына күмән келтірсе, онда рәсімді қайта қарастыруға тура келуі ықтимал. Мәселен, барлық қатысушыларды бір күнге жинап, ашық форматта өткізуге болады. Осылайша, әрі мемлекеттік органдардың, әрі қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік туады, – деді ол.

Сондай-ақ Чернов сот процесінің ашықтығына тоқталды. Оның пікірінше, қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуы істе шешуші рөл атқаруы мүмкін еді.

Бұл резонансты іс. Сіздер сот отырысында біздің қандай уәж айтқанымызды өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Мысалы, айыпталушыларға құқықтары түсіндірілмеген, хаттама дұрыс берілмеген. Мұндай процессуалдық бұзушылықтар істі жарамсыз етеді. Бірақ хаттаманы кім толтырғанына да назар аудару қажет, – деді адвокат.

Сот отырысы аяқталған соң блогерлердің адвокаты Олег Чернов журналистерге сұхбат берген еді.

Өзгелердің жаңалығы