Жаңаарқа ауданында жылжымалы дәріхана ашылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаарқа ауданында шалғайдағы ауыл тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.</h4>

 18 Қыркүйек 2021 2021, 04:30
18 Қыркүйек 2021 2021, 04:30
1970

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаарқа ауданында шалғайдағы ауыл тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.

Жылжымалы дәріхана пункті созылмалы аурулармен ауыратын және есепте тұрған ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізетін болады. Ол елді мекендерге кесте бойынша қатынайды, – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінде.

Жаңаарқа ауданында бір стационарлық әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді. Ол аудандық орталық ауруханада орналасқан. Дәрі-дәрмек сатып алу үшін шалғай ауылдардың тұрғындары бұрын аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Енді дәріхана оларға өзі барады.


Наверх