Жаңа жылға сыйақы беріле ме?

Бөлісу:
Жаңа жылға сыйақы беріле ме?
Фото: Арман Мухатов - Архив

Мемлекеттік қызметшілер жыл соңында қандай көлемде сыйақы алатыны айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қызметкерлерге берілетін премияның шкаласы, сомасы бар ма? Олардың лауазымына қарай сыйақы беріле ме? Мысалы, қатардағы қызметкер, бөлім басшысы және тағы басқа? Сыйақының мөлшері қалай анықталады? – деп сұрады журналист.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев сыйақыны әр мемлекеттік орган өзі белгілейтінін атап өтті.

Оны мемлекеттік органдар өздері қарайды. Олар үнемдеген қаражатты бөліп береді. Оны қалай бөлетінін өздері бөледі. Яғни оны әр орган өзі шешеді, - деді ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік органдарға бөлінген қаражат үнемделсе, онда сыйақы алуға болатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы