Жаңа жыл: Биыл 4 мыңнан астам бала Президенттің атынан сыйлық пен хат алады

23 Желтоқсан 2023, 11:23
1105
Бөлісу:
Жаңа жыл: Биыл 4 мыңнан астам бала Президенттің атынан сыйлық пен хат алады
Фото: Бердіболат Көркембаев

Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин өңірлерде өтетін жаңа жылдық шыршалар туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл өңірлік жаңа жылдық шыршалар Президенттің атынан бір мезгілде барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар үш қалада 24 желтоқсан күні сағат 11-де «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбымен өтеді.

Іс-шара екі күн ішінде өткізіледі. Бірінші күннің бағдарламасына сәйкес облыс орталығында экскурсия ұйымдастыру, театрларға, кинотеатрлар мен музейлерге бару жоспарланған. Екінші күні өңір әкімдерінің қатысуымен театрландырылған қойылыммен жаңа жылдық мереке өтеді, - деді ол.

Әр өңірде мерекеге 9-13 жас аралығындағы оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 200-ден астам оқушы қатысады.

Елімізде бұл іс-шараға барлығы 4 200 бала қатысады. Мереке өтетін орын оқушылар сарайлары, мәдениет сарайлары, достық сарайлары және басқа да мәдениет мекемелері болып белгіленді. Қатысушы балалар Президенттің атынан жаңа жылдық сыйлықтар мен хаттар алады, - деп айтты Алтай Рахимберлин.

Іс-шараларға дейін, іс-шаралар кезінде және одан кейін балалардың қауіпсіздігі мәселелері ерекше бақылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы