Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа Зеландия 25 жылда жабайы мысықтардың көзін түгел жоюды көздеп отыр

25 Қараша 2025, 22:48
550
Бөлісу:
 theguardian.com
Фото: theguardian.com

Жаңа Зеландия билігі "Жыртқышсыз Жаңа Зеландия – 2050" бағдарламасы аясында елдегі жабайы мысықтарды түгел жоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, жойылатын жануарлар тізімінде бұған дейін егеуқұйрықтар, ақкістер, құндыздар және басқа жануарлар болса, жабайы мысықтар енді еніп отыр.

Оған себеп – жабайы мысықтардың жергілікті фаунаға зиянды әсерін тигізуі. Жабайы мысықтар дене пішімі бойынша үй мысығынан әлдеқайда үлкен, салмағы 7 келіге дейін жетеді. Ал керілгенде ұзындығы 1 метрге жетеқабыл. Олар елдегі сирек кездесетін жарқанаттарды және өзге де шағын жануарларды қорек қылу арқылы жергілікті фаунаға үлкен зиянын тигізіп отыр.

Айта кетерлігі, елдің бірқатар өңірінде жабайы мысықтардың көзін жою шаралары басталып кеткен. Алайда, елдің экологтары бұған қарсы болып отыр. Олар мысықтардың көзін жоюдың орнына оларды зерттеу арқылы мәселені шешудің балама жолдарын табуды ұсынуда.

Мұндай шешімдердің бірі – мысықтарға микрочиптер енгізіп, оларды қолға үйрету, яғни үйде асырау. Экологтар бұл мысықтар кезінде еуропадан келген адамдармен бірге келген және оған дейін үй мысығы болған. Жаңа Зеландияда олар табиғат аясына таралып, саны көбейіп, өздері жабайыланған. Бүгінде Жаңа Зеландияда 2,5 миллионнан астам жабайы мысық бар.

Өзгелердің жаңалығы