Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа заң: Енді тұрғындарға таңдау құқығы беріледі

Нұрқанат Атажан
15 Шілде 2025, 17:17
788
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң қазақстандықтардың өміріне қандай өзгеріс әкелмек. Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.

Қабылданған Заң бойынша енді не өзгереді?

Қалалық ұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту басқармасының басшысы Қаби Қараханның айтуынша, қабылданған Заңда үш негізгі өзгеріс бар.

Біріншісі, енді көппәтерлі үйлерде тұрғындарға ай сайынғы берілетін есепті МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару) ұсынбаса, айыппұл салынады. Алғашқасында 50 АЕК, егер қайталанса 100 АЕК. Бұрын бұл тек ескертумен шектелетін.

Екінші өзгеріс, тұрғын үйді салып болған соң құрылыс компаниясы тұрғын үйді басқару ұйымына құжаттарды бермеген жағдайда айыппұл қарастырылды.

Үшіншісі, тұрғын үйді басқару ұйымдарына салынатын айыппұлдарды енді тек жауапты ұйым мен маман өз қалтасынан төлейді. Бұрын тұрғындар қаржысы есебінен төленген жағдайлар кездсескен, – деді ол

Сондай-ақ президент “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық несие агенттігінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістерге” қол қойылды.

Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді.

Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару) – делінген Ақорда хабарламасында.

Сарапшының сөзінше, бұл Заңдағы маңызды мәселе, тұрғындарға таңдау құқығы берілді.

Тұрғындар МИБ (меншік иелері бірлестігі) немесе ТББ-ні (тікелей бірлесіп басқару) таңдай ма өздері шешеді. Бұрын тек 30 пәтерден асатын тұрғын үй ғана МИБ құруға міндетті болатын. Енді ондай шектеу қойылмайды, аз пәтермен де тұрғын үй бірлестігін тартса болады. Сондай-ақ МИБ төрағасының сайланған уақыты бұрын бір жыл болса, енді үш жыл болды. Оны тұрғындар өздері сайлайды, – деді Қаби Қарахан.

Өзгелердің жаңалығы