Жаңа үміткер:  Мақсатым – халықты кедейліктен алып шығу

11 Қазан 2022, 19:31
2265
Бөлісу:
Жаңа үміткер:  Мақсатым – халықты кедейліктен алып шығу

Президент сайлауына тағы бір кандидат құжатын тапсырды. Ол «Тәжірибелік Психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Фатима Бизақова, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жеке кәсіпкер - 1967 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Өзінің мамандығы бойынша жеке оқу орталықтарын ашқан. 

Бізге «байтал шауып бәйге алмас» сөз бар. Алайда, мақалдың озығы мен тозығы бар. Мәселен, Хауа анамыз, Фатима анамыз, Хадиша анамыз көпке үлгі болған, ал  Әлия мен Мәншүк апаларымыз батыр болған. Енді қазіргі уақытта неге біз де өз елімізге білімімізді, біліктілігімізді қоспас қа? Сайлауға мемлекеттік қызметкерлер қатысқаны дұрыс, бірақ жеке кәсіпте болған адам халықтың мұң-мұқтажын көбірек түсінеді деп ойлаймын. Себебі, біз өзіміз де сол қиыншылықты көріп шықтық. Қиындықты қалай жеңудің жолдарын жақсы білеміз. Сондықтанда мұндай науқанға  кез келген «менмін» дейтін адам қатысуы керек, - деді үміткер.

Жаңа үміткердің «біздің қоғамда қандай өзекті мәселені шешкіңіз келеді? деген сұраққа жауап берді.

Қоғамдағы көріп жүрген мәселемнің бірі - қымбатшылық. Халқымды кедейшіліктен алып шыққым келеді.  Менің мақсатым - халықты кедейліктен алып шығу. Мен шын ниетіммен Президент болуға, үлкен жауапкершілікті өз қолыма алуға дайынмын. Дауыс жинайтыныма да сенімдімін, - деді Бизақова.

Өзгелердің жаңалығы