Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастай салған: қылмыстық іс қозғалды

1 Қыркүйек 2025, 04:27
1524
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Мәскеуде әйел жаңа туған баласын дәретханаға батырып, өлтірмек болған. Бұл туралы Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу қалалық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың 30 тамызында әйел Теплый Стан көшесіндегі пәтерінде тірі ер бала босанған. Алайда ол жаңа туған нәрестені дәретханаға тастап кеткен.

Күдікті әрекетін соңына дейін жүзеге асыра алмады. Үйде бірге тұрған азамат жедел жәрдем шақырып, баланы аман алып қалды. Жаңа туған сәби шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Оқиға бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі») және 30-бабы («Қылмысқа оқталу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйелдің өзі де ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер рұқсат берген соң, тергеушілер одан жауап алмақ.

Өзгелердің жаңалығы