Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының күрделі жағдайлары мен жолдардағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты жаңа туған нәресте ауруханаға ТЖМ тікұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, сондай-ақ кішкентай пациенттің асқынуларын болдырмау мақсатында ТЖМ әуе кемесі жұмылдырылды.
ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Асхат Құдабаев пен Арман Айбусинов сәбиді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл тасымалдауды жүзеге асырды, - делінген ведомство хабарламасында.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды.