Жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады

2 Қаңтар 2025, 19:18
445
Бөлісу:
Жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады

Дарбаза–Мақтаарал жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады.

Жаңа теміржол желісінің құрылысы жүк тасымалын қазіргі Сарыағаш-Ташкент учаскесінен жаңа желіге ауыстыруға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және Өзбекстанға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл мақсатта «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «Қазақстан темір жолы» 286 миллиард теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр.

Дарбаза-Мақтаарал жаңа желісі Түркістан облысының екі шалғай ауданы – Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның басқа аймақтарымен байланыстырады.

Бүгінгі таңда 203 шақырым жолдың шамамен 100 шақырымына рельс-шпалды тор төселді; 9,5 млн текше метр жер қазу жұмыстарының 1,4 млн текше метрі (немесе 15%) орындалды.

Жобаға 46 жол-құрылыс техникасы мен 70-тен астам адам жұмылдырылды.

Теміржол құрылысына жергілікті өндірушілердің материалдарын қолдану жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 3400 уақытша жұмыс орны, ал 2027 жылы қолданысқа берілетін кезде 500-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Өзгелердің жаңалығы