Жаңа Су кодексінің жобасына наурыз айынан бері 500-ден астам түзету енгізілді

Бүгiн, 09:22
202
Бөлісу:
Жаңа Су кодексінің жобасына наурыз айынан бері 500-ден астам түзету енгізілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын пысықтау жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда құрамына министрлік өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары және сарапшылар кіретін жұмыс тобының отырыстарында талқыланған кодекске қатысты 500-ден астам түзету бар. 

28 наурыздан бері бүгінгі күнге дейін Мәжілісте, аптасына екі рет өтетін жұмыс тобының 28 отырысы өтті. Бүгінгі таңда Мәжіліс Үкіметтің қорытындысын алу үшін Су кодексіне 115 түзету және ілеспе заң жобасы бойынша 6 түзету жіберді. 

Жаңа Су кодексінің мақсаты - қоршаған ортаға зиян келтірместен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және соны қолдау болып табылады. Сонымен қатар, жаңа Кодексте декларативті және қайталанатын ережелер алынып тасталады. Барлық белгіленген принциптер мен міндеттер оларды іске асыру тетіктерімен бекітілген. Гидротехникалық құрылыстардың, ирригация, дренаж және ауыз сумен жабдықтаудың қауіпсіздігі мәселелері жеке бөлімдерге бөлінген,– деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Бұдан бөлек, 5 кодекс, 9 заң және 28 нормативтік құқықтық акті жаңа Су кодексіне сәйкестендірілді.

Өзгелердің жаңалығы