Жаңа штаммдарды бақылау жалғасуда  – Цой

6 Сәуір 2021, 10:00
1045
Бөлісу:
Жаңа штаммдарды бақылау жалғасуда  – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «британдық» штамм әлемнің 130 елінде, «оңтүстікафрикалық» штамм 80 елде, ал «бразилиялық» штамм 45 елде анықталды.

Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз тұрақты негізде республика аумағында таралып жатқан КВИ штаммдарына генетикалық зерттеу жүргізудеміз. Сонымен, наурыз айында республика аумағында «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарының айналымы анықталды. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «британдық» нұсқасы бастапқы штаммға қарағанда ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. «Бразилиялық» штамм бұдан қауіпті болып саналмайды, бірақ ол COVID-19-дың бастапқы штаммына қарағанда оңай таралады, - деді Цой.
Министрдің айтуынша, коронавирустың «британдық» штаммы өткен жылғы штаммен салыстырғанда 1,7 есе, «оңтүстікафрикалық» штамм 1,5 есе және «бразилиялық» штамм 2 есе тез таралады. Сонымен қатар репродуктивті санның өсуі 1,1-ден 1,9-ға дейін артуы мүмкін, бұл біртіндеп осы штаммдардың үстемдігіне әкеледі.
2020 жылдан бастап Үкімет қабылдаған шектеу шаралары 6 ай ішінде жаңа вирустардың әкелінуіне жол бермеуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Жаңа штаммдарды бақылау жалғасуда, - деді ол.
Цой бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы 28 күннен бері «қызыл» аймақта тұрғанын мәлімдеген болатын. Ол сонымен қатар инфекциялық стационарларда жүктемесі ең көп өңірлерді атады.
Өзгелердің жаңалығы