Жаңа саяси модель – экономикалық дамудың шарты

16 Қыркүйек 2022, 18:14
1210
Бөлісу:
Жаңа саяси модель – экономикалық дамудың шарты

Әлемдік экономиканың турбуленттілігі жағдайында еліміздің қол жеткізген табыстарын сақтай отырып, алға жылжу маңызды. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Анна Альшанская айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары инфляция, сауда-экономикалық байланыстардың үзілуі, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақсыздығы әлем елдерінен шешуші және тиімді әрекеттерді талап етеді.

Қазіргі таңда Қазақстан түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңінде тұр. Парламент бекіткен бір реттік 7 жылдық президенттік өкілеттікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған қажетті саяси реформалардың бір бөлігі ретінде қарастырған жөн.

Біріншіден, қайта сайлану құқығынсыз бір реттік өкілеттік мерзімінің енгізілуі жаңа саяси модель мен президенттердің тұрақты ауысуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, президенттік өкілеттікті 7 жылға дейін ұзарту саяси тұрақтылықты нығайтады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетелдік инвесторлар назар аударатын маңызды факторлардың бірі – саяси тұрақтылық. Тұрақты саяси және экономикалық жағдай кезінде инвесторлар өз инвестицияларына, кірістілігіне және өтелуіне сенімді болады. Инвестициялар ағынының ұлғаюы - елдің экономикалық дамуы үшін қаржылық ресурстардың маңызды көзі, - деді  ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Анна Альшанская.

Өңірді демократияландырудың жаңа тренді туралы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанар Санхаева да айтты.

Бір реттік президенттік мерзімге көшуді елдің саяси жүйесіндегі жалғасып жатқан өзгерістер шеңберіндегі қажеттілік ретінде қабылдауға болады. Бұл ретте қайта сайлану мүмкіндігінсіз өкілеттік мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарту туралы айтылуда.    

Францияда жеті жылдық президенттік мерзім 1873 жылы биліктің ықтимал монополиялануын тежеу үшін уақытша шара ретінде қолданылған. Осылайша өкілеттік мерзімін және қайта сайланудың еселігін өзгерту тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінде айтарлықтай ықпалды құрал деуге болады.

Сондай-ақ Қазақстанда референдум аясында өкілеттіктердің аражігін ажырату үшін бірқатар шаралар қабылданғанын атап өту қажет. Біріншіден, президенттік және партиялық лауазымдарды біріктіруге тыйым салынды. Екіншіден, президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік секторда саяси лауазымдар мен басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Мұның бәрі президент өкілеттігінің жаңа сипаттамаларымен бірге алғанда саяси басқарудың жаңа нысандарын кезең-кезеңімен енгізуге алып келеді.

Жалпы президенттік институтты қалыптастырудың және оның дұрыс жұмыс істеуінің артықшылығы ретінде екі маңызды жайтты атап өтуге болады. Бұл қайта сайлану мүмкіндігінің жоқтығы арқылы биліктің шоғырлануын тежейтін факторларды енгізу. Сондай-ақ орташаландырылған өкілеттік мерзімі арқылы сайланған президенттің дәйекті саяси күн тәртібін жүргізуге мүмкіндік беру, - деді  ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері.

Өзгелердің жаңалығы