Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Жастар қанатының «Kenes Ortalygy» жобасы аясында субмәдениет жастары өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шарада Республикалық партия штабының мүшесі, Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев референдумның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
Мен еліміздің әрбір жас азаматынан жалқаулық танытпай, енгізілетін түзетулермен танысып шығуларын сұрағым келеді. Себебі, сайлаушылардың негізгі бөлігі жастар. Біз қазір дауыс бере отырып, өзіміз өмір сүріп жатқан еліміздің болашағының іргетасын қалайтынымызды бәріміз түсінуіміз керек, - деп атап өтті Нұржан Жетпісбаев.
Сондай-ақ, Жастар қанатының өкілдері жастардың тарапынан ерекше белсенділік бар екенін айтты.
Рефендум өткеннен кейін 6 маусым бірден Жаңа Қазақстан болып кетпейді. Бұл түсініктен арылумыз қажет. Жаңа Қазақстанға бәріміздің күшімізбен жетеміз. Бүгінгі мәселе тарихи мәселені жастармен талқылау, -деді Н. Жетпісбаев
Республика бойынша «Kenes Ortalygy» аясындағы кездесулер Жас депутаттар корпусы мүшелерінің, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен өткізіледі.
Бүгінгі таңда Жастар қанатының аймақтық филиалдары офлайн және онлайн форматта 100-ден астам кездесу өткізді.
Бүгінгі кездесуде алдағы саяси іс-шараның тарихи маңызы туралы да көп айтылды.
Бүгін мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы тыңдай отыра, 18 жасқа толған әрбір тұрғынға қатысты екенін түсіндім. Бұл сайлау мен үшін, жалпы айтқанда, барлық қатарластарым үшін алғашқы болмақ. Әрине, өзіңізге қажетті кейбір нәрселерді толығырақ зерттеп, содан кейін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасауыңыз керексіз,- дейді «Astana IT University» 1 курс студенті Әділбек Бекешов.
Әділбек Бекешовтың айтуынша, егер әрбір жастарға референдумның маңыздылығын түсіндірсе әрбірі қатысуға әзір.
Сонымен қатар кездесу барысында жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, Конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, елордада мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы, елордалық жастарды жұмыспен қамту мәселелері сынды тақырыптар талқыланды.