Жаңа оқу жылының демалыс күндері белгіленді

5 Маусым 2024, 00:49
2999
Бөлісу:
Жаңа оқу жылының демалыс күндері белгіленді
Фото: архив

Жаңа оқу жылы 34 аптаға созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес Қазақстандағы келесі оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында); 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 12 маусым аралығында.

Құжат 18 маусымға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы