24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де басталады.
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады.
Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.
Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаты енгізілген.
Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында көрсетілген сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады.