Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына енгізілген өзгерістермен жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №159 бұйрығына енгізілген өзгерістермен жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Аталған өзгертулер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03.05. №887 Жарлығын орындау мақсатында жасалды.
Осыған дейін, МКК-де жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ екенін хабарлаған. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ, бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.
Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.