Жаңа облыста - жаңа әкім

11 Маусым 2022, 12:24
1547
Бөлісу:
Жаңа облыста - жаңа әкім

Ұлытау облысы,  BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

 Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында өткен Мәслихаттар жиынына қатысқан 64 депутаттың 51-і Берік Әбдіғалиұлының кандидатурасын қолдап дауыс берді. 
 

Жиынға ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен әр деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. 

Жиынды ашқан Мұрат Әбуғалиұлы жиналғандар назарына 5 маусымдағы референдум нәтижесінде ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың қарауына Ұлытау облысының әкімі лауазымына Берік Әбдіғалиұлы мен Серік Шайдаровтың кандидатуралары ұсынылып отырғанын айтып, өмірбаяндық деректерімен таныстырды. 

Одан кейін кандидаттар сөз алып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бағдарламаларын ұсынды. Оның қатарында инфрақұрылымды, моноқалаларды, шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бар. 

Ашық дауыс беру тәсілімен дауыс берген депутаттардың басымы бөлігі Берік Әбдіғалиұлының кандидатурасын қолдады.

Меруерт Наурызбаева

Өзгелердің жаңалығы