Жаңа министр депутаттарға жылу энергетикасына қатысты заңды таныстырды

5 Сәуір 2023, 16:34
940
Бөлісу:
Жаңа министр депутаттарға жылу энергетикасына қатысты заңды таныстырды
Фото: sk.kz

Мәжілісте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы және оған ілеспе заң жобаларын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөзінше, «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасы Азия даму банкі халықаралық сарапшыларды тарта отырып техникалық қолдауымен әзірленді.

Бүгінгі таңда «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң жоқ, сол заңның болмауынан туындаған, осы салада стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарларының болмауы, саланың инвестициялық тартымдылығының болмауы, кәсіпорындардың тиімділігінің болмауы және т.б. сияқты көптеген проблеманың туындауына әкелді, - деп айтты министр.

Оның айтуынша, заң жобасы жылу энергетикасы саласындағы саясат үшін құзыреттер мен жауапкершілікті қайта бөлуді көздейді.

Энергетика министрлігіне қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзеге асыратын жылу энергиясын тасымалдау функциясы бекітіледі. Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жататын жылу энергиясын елді мекендердің тұтыну бөлігінде жылумен жабдықтау жүйелеріне жауапты болады. Сонымен қатар, заң жобасында жылу желілеріндегі бақылау функциялары нормалары ЖАО-дан Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне ауысуына көзделген, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бұдан басқа, дамуды жоспарлау тетіктерін жетілдіру, өндірістік процестің барлық кезеңдерінде энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру, қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жабу үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету және Жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту есебінен саланы реформалауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы