Қазақстанда жаңа мамандықтар атласы жасалады

28 Тамыз 2019, 17:33
6074
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа мамандықтар атласы жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиісті шешім Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы барысында қабылданды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова, Ұлттық кеңеске мүше бірқатар министрліктің вице-министрлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен компаниялар қатысты.

Жиында сөз алған BTS Digital білім беру орталығының басшысы Саясат Нұрбек  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі - ЕХӘҚМ) ынтымақтастық аясында BTS Digital компаниясы (Еуразиялық Ресурстық Топтың серіктесі (ERG) «Жаңа мамандықтар атласы» (әрі қарай ЖМА) жобасын дамыту туралы көзқарасын таныстырғанын айтты.

«Атлас – алдағы 10-15 жылға арналған перспективалы салалар мен мамандықтардың болжамды картасы.  Бұл бізге қай салалардың белсенді дамитынын, сол салаларда қандай жаңа технологиялар, өнімдер, басқару тәжірибелерінің пайда болатынын және жұмыс берушілер қандай жаңа мамандықтарды қажет ететінін түсінуге көмектеседі», ­­- деп түсіндірді ол.

BTS Digital басшысының айтуынша, ЖМА-ның жасалуы қазіргі таңда Қазақстанда қолданбалы сипаттағы және жаппай қолдануға болатын баламалы өнімнің жоқтығымен байланысты. Мамандық таңдауға келгенде көптеген азаматтар ата-аналарының тілектерін, ішкі наным-сенімдерін басшылыққа алады және субъективті трендтерге сүйенеді.

«Сондай-ақ, экономиканы адекватты кадрлық ресурстармен қамтуға кедергі келтіретін, еңбек ресурстарының ағылуына және жұмыс күшінің босатылуына байланысты жеке адамның өмір сүру сапасына, экономикалық жағдайына әсер ететін бірқатар жүйелік алғышарттар мен қауіп-қатерлер бар. Негізгі факторларды екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Біріншісіне мамандарды дайындауға деген талаптардың сипаты мен жылдамдығын өзгертетін объективті жаһандық терендтер кіреді. Мәселен, кәсіптерді өзгертіп, жоятын, тіпті, жаңа мамандықтардың пайда болуына алып келетін технологиялық өзгерістердің үдемелі жылдамдығы, толассыз цифрландыру сияқты. Екінші категория бірінші санаттан шыққан факторларға жауап бере алмауынан туындайтын жағымсыз салдарды білдіреді. Мысалы, кадрлар қажеттілігін болжау жүйесінің жоқтығы, біліктілік теңгерімсіздігі, жұмыс күшінің еңбек дағдыларна және классикалық білімнің еңбек нарығының сұранысына сәйкес келмеуі сияқты», - деді Нұрбек.

ЖМА жасау үшін зерттеу әдістемесі Халықаралық Еңбек Ұйымы, Ресей Федерациясының Стратегиялық бастамалары агенттігі және Сколково Мәскеу басқару мектебінің (РФ) жасаған  «Технологиялық Форсайт құзыреті» (Skills Technology Foresight) әдісі негізінде құрылады.

«Қазақстанда бұл бағыттағы алғашқы қадамдарды ERG жасады. Ол Халықаралық еңбек ұйымымен және Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Стратегиялық бастамалар агенттігімен бірлесіп еліміздің тау-кен өндірісінде жаңа мамандықтардың атласын құру бойынша белсенді жұмыс істейді. Осы жылдың қаңтар айында РФ СБА күшімен Қазақстанда бірінші болып BTS Digital сарапшылар тобы оқытылды. Мамыр айында Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Дон тау-кен байыту фабрикасы базасында пилоттық форсайт-зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпорындар мен салалардың кейпін өзгертетін 45 тренд, 7 жоғалып және 13 өзгеріп бара жатқан кәсіп, 26 жаңа кәсіп анықталды. Зерттеу нәтижелері тау-кен өнеркәсібіндегі жаңа мамандықтар Атласының негізін қалайды», - деді BTS Digital басшысы.

Жаңа мамандықтар атласын экономиканың 9 басым секторының негізінде жасау ұсынылады: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм және құрылыс. Айта кету керек, тау-кен өнеркәсібіндегі жаңа мамандықтардың атласы осы жылдың желтоқсан айында ERG есебінен әзірленеді.

«Қалған 8 сектордағы жаңа мамандықтардың атласын дайындау үшін қазіргі уақытта ҚР ЕХӘҚМ және Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, жоба аясында бұл құралдың кең қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін интерактивті веб-сайт пен Қазақстанның жаңа мамандықтары атласының мобильді қосымшасын жасау жоспарлап отыр. Бұдан басқа, технологиялық форсайт құзыреті әдістемесін заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы ұсыныстар жасалады. Сонымен бірге, BTS Education Қазақстандағы технологиялық форсайт әдістемесінің жалғыз тасымалдаушысы және иесі ретінде жаңа мамандықтардың атласын жасау кезінде серіктестік танытытып көрсетілген 9 саланың барлығында тегін әдістемелік қолдау көрсетуге дайын», - деді Саясат Нұрбек.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қазанға дейін Қазақстанның жаңа мамандықтары атласын дамытудың Жол картасын әзірлеуді, сондай-ақ осы үдеріске қатысатын сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындауды тапсырды.

Бұрын хабарланғандай, іс-шара аясында Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жанындағы (бұдан әрі - ЕРДО) Жобалық кеңестің таныстырылымы өтті.

ЕРДО президенті Тамара Дүйсенова жаңа құрылым Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының төрт негізгі бағыты: ұлттық біліктілік жүйесі, нәтижелі жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыратынын айтты.

«Жобалық менеджментті қолдана отырып жасалған дәл осы бағыт барлық қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың нақты жүйесін құруға, сондай-ақ барлық бағыттарда туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді», - деді Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы