ҚАЖ комитетінің төрағасы жаңа лауазым алды

3 Шілде 2019, 11:32
1600
Бөлісу:
ҚАЖ комитетінің төрағасы жаңа лауазым алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дархан Қанатбековтің кандидатурасын ТМД мемлекеттерінің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің мүшелері бірауыздан қолдады.

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ТМД мемлекеттерінің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің отырысында РФ өкілі Г. Корниенко Кеңесті тең төрағасын тағайындауды ұсынды.

Кеңес мүшелері бірауыздан ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанабековтің кандидатурасын қолдап, Г. Корниенко жаңа лауазымымен құттықтады. 

2015 жылы Кеңес төрағасы болып 3 жыл мерзімге РФ жазаларды орындау федералды қызметінің директоры ішкі қызмет генерал-полковнигі Г.А. Корниенко сайланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы