Жаңа Конституция: Ұлттық валюта жайлы норма не үшін қажет болды?

Жаңа Конституцияның 2-бабына ұлттық валютаның мәртебесі мен оны эмиссиялау құқығына қатысты нақты түзетулер енгізілді.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 15:41
Кеше 2026, 15:41
271
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жаңа Конституцияның 2-бабына ұлттық валютаның мәртебесі мен оны эмиссиялау құқығына қатысты нақты түзетулер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізгі заңның 2-бабы 6-тармақпен толықтырылды. Онда ұлттық валютаны айналымға шығару құқығы тек мемлекетке тиесілі екені нақты жазылған:

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі.

Бұл норма теңгенің ел аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы ретіндегі мәртебесін конституциялық деңгейде бекітеді және мемлекеттің қаржылық егемендігін нақтылай түседі.

Экономист әрі қаржыгер Андрей Чеботаревтің айтуынша, бұл түзетудің саяси және экономикалық мәні зор.

Теңгенің ұлттық валюта ретіндегі мәртебесін Ата заңда бекіту және оны эмиссиялау құқығын тек Қазақстанға тиесілі деп нақтылау – болашақта қандай да бір бірыңғай валюта енгізу мәселесін заң жүзінде жоққа шығарады. Енді мұндай қадам Конституцияға қайшы болады. Мен ұсынған түзетудің қабылданғанына қуаныштымын, – дейді ол.

Жаңартылған норманың тағы бір ерекшелігі – валюта атауының жазылуы. Конституцияның орыс тіліндегі ресми мәтінінде де ұлттық валюта атауы қазақ тіліндегі нұсқадағыдай "теңге" деп көрсетілген.

Жанерке Жәкен

Наверх