Жаңа Конституция бойынша референдумда қандай сұрақ қойылады?

Комиссия референдумды ұйымдастыру, дайындау және өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді

 автордан  ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 17:20
Бүгiн 2026, 17:20
526
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда 15 наурызға республикалық референдум тағайындалды. Онда азаматтар жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесіне қатысты шешім қабылдайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың №1170 Жарлығына сәйкес, биыл 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша шешім қабылдауға бағытталған республикалық референдум өткізу тағайындалған.

Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба? деген сұрақ республикалық референдумға шығарылып отыр, – деді Нұрлан Әбдіров.

Комиссия төрағасының сөзінше, «Республикалық референдум туралы» заңның 20 және 21-баптарына сәйкес, референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функциясын жүзеге асырады.

Яғни, барлық деңгейдегі комиссиялар референдумды ұйымдастыру, дайындау және өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Еске салайық, жаңа Конституция жобасы 12 ақпанда БАҚ-та жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылған болатын.

Наверх