Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа Көлік министрі ант қабылдады

Жансая ҚАМБАР
1 Шілде 2025, 10:39
623
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Кеше Мемлекет басшысы жарлығымен тағайындалған Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысы алдында ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деп ант берді Нұрлан Сауранбаев.

Өзгелердің жаңалығы