Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенованың елордадағы шектеу және карантиндік шаралары туралы жаңа қаулысы шықты.
Қаулыда бұған дейін енгізілген шектеу шаралары сақталады. Атап айтсақ, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, қаланың бас санитариялық дәрігері InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Қаулыда енгізілген өзгерістер:
- меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру;
- сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;
- қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және сенбі күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу;
- қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыру;
- діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5м2 және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;
- «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесінбелгілеу және демалыс пен мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
- денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;
- жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың (косметологиялық қызметтерді көрсетуге тыйым сала отырып), стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
- серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру.